• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 07:09:16
Алматы
+35°

АрселорМиттал Теміртау АҚ-ға қарасты "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртеніп, апат болды.

Өрт 17 тамыз сағат 10:00-те шыққан. Оқиға орнына Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінен 15 қызметкер мен 5 техника, Төтенше жағдайлар министрлігінің 8 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Шахтада барлығы 227 адам болған. Олар біртіндеп жер бетіне шығарылып жатыр. Соңғы  ақпарат бойынша шахтада болған 177 адам жер бетіне шығарылған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: өрт шахта

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір