• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 21:35:10
Алматы
+12°

№2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері көпқабатты үйдің үшінші қабатының балконынан құлап түскен 4 жасар баланы аман алып қалды.

Аурухананың баспасөз қызметі мәлім еткендей, кішкентай ұл бала балконда орындыққа шығып, көшеге қарамақ болған кезде құлап кеткен. Сонымен қатар үйде жанында ересек адам болмаған.

«Баланы жедел жәрдем бригадасы қабылдау бөлімшесіне ауыр жағдайда жеткізді. Алып келген кезде бала дереу қаралды, қажетті инструментальді зерттеулер, оның ішінде ағзаға компьютерлік томография жүргізілді. Бала жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Дәрігерлер баланы травмалық есеңгіреуден алып шығып, оның жағдайын тұрақтандырды», - деп хабарлады ауруханадан.

Іш жағының тоқтамай ауырсынуына байланысты мультитәртіптік кеңес өткізіліп, диагностикалық лапароскопиялық ота жасау туралы шешім қабылданды, -деп жазды ҚазАқпарат.

«Балада көзге көрінбейтін жарақат болды. Оған хирургиялық бөлімшеде ота жасалды. Қазір оның өміріне қауіп жоқ. Бала жазылып, үйге шықты», - деді айтты №2 БҚКА директорының орынбасары Назгүл Асанова.

Балалар дәрігерлері ата-аналардан мұқият болуын және кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды өтініп сұрайды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы аурухана

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір