23 Маусым, 2023 Әлем
Фото: Ашық дереккөз
Түркиялық Сumhuriet басылымы сайлаудағы Ердоғанның қарсыласы Кемал Кылычдарұлы 110 жылға сотталуы мүмкін екенін хабарлады. Сондай-ақ оған саяси қызмет етуіне тыйым салынуы мүмкін.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қарсыласының үстінен 28 талап арыз түсірген.
"Бұған дейін Кемал Кылычдарұлының парламенттік иммунитеті болған соң бірқатар талаптар тоқтатылған болатын. Ол жаңа шақырылымға сайланбады. Сол себепті талап арыздар қайта қаралып жатыр", - деп жазады Cumhuriyet журналисі Барис Түркоғлу.
Арыздардың көпшілігі бойынша саясаткер төрт жылға дейін, ал барлық арыздар бойынша 110 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ экс-кандидаттың саяси қызметі де тоқтайды. Қазір Кемал Кылычдарұлы оппозициялық "Халықтық-республикалық" партиясын басқарады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір