• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 07:12:01
Алматы
+35°

Бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша 7 жылға сотталған есепші Айым Сәдуақасованың ұлы Нұрбек Сәдуақасов президентке үндеу жолдады.

Ол үндеуде анасына шығарылған үкімнің негізсіз екенін айттты.

"Шенділердің шайқасында қарапайым қызметкер зардап шекті. Істің тапсырыс бойынша жасалғанына сенімдімін, өйткені сот отырысында айыпты дәлелдейтін бірде-бір факт не куәгер болған жоқ. Қазір анасы тірі бола тұра 6 жасар қарындасым жетім қалды. Мен ешқандай көмек сұрамаймын, тек әділдікті талап етемін" – деді Нұрбек Сәдуақасов әлеуметтік желідегі видеосында.

Еске сала кетейік, 20 маусымда Ұлттық музейге қатысты "қаржы жымқыру" ісі бойынша Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Министрмен бірге оның орынбасары Алмаз Нұразхан, "Exponat" ЖШС директоры Азамат Көшенов және бас есепші Айым Сәдуақасова да сотталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір