16 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Балқаш Жылу ЖШС–нің лауазымды тұлғалары бюджет қаражатынан 677 млн теңге жымқырды деп айыпталып жатыр.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп–тексеру барысында Балқаш Жылу ЖШС–нің бұрынғы басшылығы 2020 жылдың маусымынан 2023 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта 677 млн ақша жымқырғаны анықталған.
Бұл қаражат Балқаш ЖЭО және Балқаш қаласының жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге бөлінген. Жемқорлар қаражатты жеке шоттары мен жалған кәсіпорындардың шоттарына жіберу арқылы қалтасына басқан.
Қазіргі уақытта кінәлілер ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір