• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:45:34
Алматы
+12°

Ақтөбе облыстық прокуратурасы ішкі еңбек нарығын қорғау және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында жұмыспен қамту орталықтарына тексеріс жүргізді. Тексеру барысында бюджет қаражатының негізсіз жұмсалғаны анықталды.

"Жұмыспен қамту және әлеуметтік жұмыс орындарын құру іс жүзінде жүзеге аспаған. Сондай–ақ, кәсіпкерлерге грант бөлу кезінде де көптеген заңбұзушылық орын алған", - деп мәлімдеді Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Өркен Ещанов.

Мемлекет кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 1 225 200 теңге қайтарымсыз грант ұсынады. Алайда Ақтөбедегі уәкілетті органдар бұл талапты орындамаған.

Мысалы жұмыспен қамту орталығы шағын бизнесті қолдау мақсатында "Мой сам" көлік жуу орталығын ашуға 1 225 200 теңге көлемінде грант бөлінген. Бірақ іс жүзінде мұндай орталық жоқ болып шықты.

Сонымен қатар,  жұмысы бар адамдарға жұмыссыздарға берілетін жәрдемақы негізсіз төленіп келген. Заңды белшесінен басқан мамандар қатаң жауапкершілікке тартылып, кейбірі қызметінен босаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір