• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Қараша, 05:55:47
+12°

6 ақпанда өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Отырыста төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның 2022 жылы атқарған жұмысы, автомобиль және теміржолды су басу қаупінің алдын алу бойынша жергілікті атқарушы органдардың дайындығы талқыланды. Сондай-ақ су өткізу құрылысын, дренаж жүйелерін дайындау және "Сарықабақ" гидротехникалық құрылысын күрделі жөндеуге қаржы бөлу мәселелері сөз болды.

вса

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Мұхановтың айтуынша, облыс орталығындағы жоғарғы шағынаудандардағы өрт сөндіру гидранттарының ақауын жою жоспарланған. Алайда, бұл жұмыстар әлі жүргізілмей отыр. Сонымен қатар осы уақытқа дейін Бейнеу ауданындағы тозығы жеткен көпқабатты үйлер мен Ақтау қаласындағы галерея үйлер жөндеуден өтпеген.

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев аталған жұмыстарды жеделдетуді және жауапты мамандарға алға қойған міндеттердің орындалуын бақылауды тапсырды.

Сондай-ақ облыстық және республикалық маңызы бар жолдар мен елді мекендерді су тасқынынан қорғау қажеттігін айтты.

- Ақтау қаласында қатты жаңбыр жауса, үйлерді су басып кету қаупі бар. Жыл сайын қайталанатын бұл мәселені шешудің жолы жоқ па? Әр жауған қатты жаңбырдан кейін су арнайы сорғымен тазартылады. Қажетті жағдай жасау үшін қолда бар мүмкіндікті неге пайдаланбасқа? Бұл мәселені аудан, қала әкімдеріне бақылауға алуды тапсырамын. Қажетті шаралар дер кезінде қолға алынса, артық шығын да болмайды, - деді Нұрлан Ноғаев.

Сондай-ақ жиында өңірдің сейсмикалық қауіптілігін заманауи ғылыми-әдістемелік зерттеу мәселелері талқыланды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір