• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:41:08
Алматы
+12°

Полиция "олигарх балаларының төбелесіне" ІІМ қызметкерлерінің қатысы бар-жоғын тексереді, деп хабарлады КазТАГ агенттігі.

"Бостандық ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімі осы факті бойынша тексеру жұмыстарын бастады. Соның нәтижесінде кінәлі тұлғалар міндетті түрде анықталып, жауапқа тартылатын болады", деп хабарлаған Алматы қаласы полиция депортаментінің баспасөз қызметі. 

Бұған дейін "БАСЕ" Telegram-арнасы караоке клубтардың бірінде олигархтар Бахарадин Аблазимов пен Дінмұхамет Ыдырысовтың ұлдары төбелесіп қалғаны туралы ақпарат таратқан. Кейін төбелеске олардың оққағағарлары да қатысқаны және олар ІІМ қызметкері екені хабарланды. 

Төбелес нақты қай күні болғаны белгісіз. 9 қаңтарда Алматы полициясы оқиғаға байланысты "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелгенін хабарлаған. Төбелескендердің жарақатының дәрежесін анықтау үшін сот-медицина сараптамасы да тағайындалған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір