• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:40:27
Алматы
+12°

Журналист Самал Қабышева әлеуметтік желілердегі парақшаларына Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласындағы білім орындарының бірінде болған қыздар арасындағы төбелестің видеосын салып, кәмілет жасына толмаған қыздардың тәрбие мәселесін көтерді.

Видеодан үш қыз бір қызды жабылып аяусыз сабағаны көрінеді. Журналист оқиға қаладағы кешкі мектептердің бірінде болғанын айтады. Сондай-ақ ол оқиға қатысушыларының желідегі парақшаларын тауып алған. Ол жерде жас қыздар алкогольдік ішімдік ішіп, былапыт сөздер айтқан видеолар жүр. Бұны көріп жағасын ұстаған журналист облыстық білім басқармасы мектеп жасындағы қыздардың тәрбие мәселесін мықтап қолға алуы керек, ал ішкі істер органдары бұндай жағдай қайталанбас үшін бұзақы қыздарды қатаң жазалауы керек деп санайды.

Жетісу облысы білім басқармасы мәселеге байланысты мәлімдеме жасап, жағдайға байланысты басқарманың, құқық қорғау органдарының, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылғанын жеткізді.

"Олар қыздардың оқитын оқу орындарының тәрбие жұмысына тексеру жүргізеді. Жәбірленген қызға барлық қажетті психологиялық көмек көрсетілуде. Бұдан басқа, күш қолданған қыздарды одан әрі оқыту мәселесі қаралатын болады. Айта кетейік, бұл оқиға Талдықорғанның пәтерлерінің бірінде сабақтан тыс уақытта болған. Қазіргі уақытта осы факт бойынша әкімшілік іс қозғалды" делінген басқарма хабарламасында.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от САМАЛ ҚАБЫШЕВА (@samal_kabysheva)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір