• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 21:03:55
Алматы
+12°

Шекарада адам тонап, ақша бопсалаған қауіпті қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі. 

ҰҚК мәлімтінше, 2022 жылғы 11 қазанда Алматы, Ақтау, Маңғыстау облысының Бейнеу және Ақжігіт кентінде қоғамға қауіпті "Бейнеуліктер" қылмыстық тобының заңға қайшы әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция іске асырылған.

"Топ мүшелері "Тәжен" өткізу пунктінде (Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Мемлекеттік шекара) шетелдіктер мен жеке тасымалдаушылардан жүйелі түрде ақша бопсалады және өзге де ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінген", деп хабарлады ҰҚК. 

Арнайы операция барысында қылмыстық топ басшысы мен 5 белсенді мүшесі ұсталған. Оларға қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы бекітілген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ҰҚК ақша бопсалау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір