Фото: Алматы қаласы "Қоғамдық келісім" мекемесінің баспасөз қызметі
Кездесу барысында жұмыстың жаңа тәсілдері, ҚХА жастар жобаларын дамыту идеялары, волонтерлік және қайырымдылық саласындағы бастамалар, оңтүстік мегаполис университеттерінде ҚХА жастар ұйымының өкілдігін кеңейту мәселелері талқыланды.
Марат Әзілханов өз сөзінде егжей-тегжейлі айтып өткен «Қазақстан халқы Ассамблеясының кадрлық резерві» жобасы қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ассамблея жастарының белсенді жұмысы мен жоба аясындағы жаңа мүмкіндіктерге тоқталды.
«Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері жұмысты бағалау және жастардың белсенділік рейтингін беру, жаңа медиа жобалар, этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттарының белсенділігін арттыру, Алматыда Студент жастар форумын өткізу туралы ұсыныстарын айтты. Өз кезегінде жас белсенділер өздерінің «Гурмандары» және «ПоХАБАРим» медиа жобаларын әзірлегені үшін жоғары бағаланды.
Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері: Республикалық дүнген этномәдени орталығының төрағасы З. Махусеев, Қазақстан Ұйғыр жастары одағының төрағасы Р.Кайрыев, Алматы қаласының этномәдени бірлестіктерінің жастар қанаттарының жетекшілері, мегаполистің студенттік өзін-өзі басқару органдарының өкілдері қатысты.
Алматы қаласы "Қоғамдық келісім" мекемесінің баспасөз қызметі
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір