• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Желтоқсан, 07:17:03

Құс еті бір жылда 27,9 пайызға қымбаттаған. Оның ішінде тауық еті – 25,9%, тауықтың сан еті – 28,5%, төс еті – 29,3%, жіліншігі мен жамбас еті – 29,5 пайызға өскен. Мұндай деректерді Energyprom.kz порталы жариялады.

Өңірлер бойынша, құс еті бағасының ең көп өсуі Маңғыстау облысында (43,8%) тіркелген. Ақтөбе (37,8%) және Павлодар (35,2%) облыстарында да баға айтарлықтай өскен. Бағаның ең аз өсуі Қарағанды облысында (15%) тіркелді.

Тамыз айында дүкен сөрелері мен базарларда тауықтың бір килосы орта есеппен 1,3 мың теңгеден, тауық аяғының килосы 1,2 мың теңгеден сатылған.

Қаңтар-шілде аралығында  64,2 мың тонна салқындатылған, 75,9 мың тонна мұздатылған құс еті өндірілген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: құс еті

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір