17 Тамыз, 2022 NEWS
Фото: finance.kz
Ерлан Тұрғымбаев президенттің кеңесшісі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Ерлан Тұрғымбаев қаңтар оқиғасынан кейін ішкі істер министрі қызметінен босатылып, президенттің кеңесшісі қызметіне тағайындалған еді.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Бақыт Сұлтановты Сауда және интеграция министрі лауазымынан, Ерлан Ыдырысовты Қазақстанның Ұлыбританиядағы және басқа бірқатар елдегі елші қызметінен босатқан болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір