23 Маусым, 2022 NEWS
Фото: РИА Новости
Ресейлік әртіс, "Ласковый май" тобының экс-солисі Юрий Шатунов 48 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ресейлік Лента.ру сайты хабарлады.
Әнші жедел жәрдем көлігінде қайтыс болғаны, қазаға инфарк себеп болғаны хабарланды.
Юрий Шатунов 1973 жылы Башкир АКСР-де дүниеге келген. 3 жасында ата-анасы ажырасып, 11 жасында шешесі қайтыс болған. Әншінің жасөспірім шағы балалар үйінде өткен. Сол жақта Сейгей Кузнецовпен танысып, екеуінің таныстығы "Ласковый май" тобының құрылуына ұласқан.1991 жылы Шатунов топты тастап, жеке шығармашылығымен айналысқан. 30 жылдан астам уақыт музыкалық директор Андрей Разинмен өзінің хит әндерін орындау құқығы үшін соттасып, 2022 жылы жеңіп шыққан.
Әртіс өмірінің соңына дейін өнермен айналысып, 2019 жылы "Любимые песни" атты альбом, 2022 жылы "Спасибо Тебе", "Остановиться не могу", "Заметает листья снег" әндерін шығарған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір