• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 01:06:07
Алматы
+35°

2021-2022 оқу жылында ШҚО-да 644 мектепте 194 476 бала оқып жатыр. Соңғы қоңырау жоспар бойынша-дәстүрлі түрде 25 мамырда офлайн форматта өтеді.

Аттестатты салтанатты тапсыру және бітіру 16-17 маусымға жоспарланған, іс-шаралар мектеп қабырғасында өтеді.

Облыс бойынша 11 сыныпты 8860 оқушы аяқтайды, оның ішінде "Алтын белгі" белгісіне үміткерлер саны – 564, үздік аттестатқа үміткерлер саны – 789.

11 сынып оқушылары үшін емтихандар 27 мамырда басталып, 10 маусымға дейін жалғасады. Түлектер бес пән бойынша емтихан тапсыруы керек. 8860 түлектің 7510-ы ҰБТ тапсыруды жоспарлап отыр.

Биыл мемлекеттік білім грантына үміткерлерге ҰБТ-ға 2 рет қатысуға мүмкіндік беріледі. Бұл ретте, мемлекеттік білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші ең жақсы нәтижесі бар сертификатты ұсына алады. ҰБТ өткізу мерзімі 16 мамырдан 5 шілдеге дейін жалғаспақ.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО ҰБТ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір