• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 05:15:22
Алматы
+35°

Фото: Рустам Әбдірахмановтың парақшасынан

Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов вайнер, актер Азимжан Сайлбаевке іздеу жарияланғанын хабарлады.

 

"Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі 2-пункті (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету: аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып жасалған) бойынша қылмыс жасады деп күдікке ілінген 30.09.1986 жылы туған Қырғызстан Республикасының тумасы Саилбаев Азимжан Әлімжанұлына іздеу жарияланды.

Бұлтартпау шарасы: күзетпеу қамау. 

Іздеудегі азамат туралы білетіндерді +7 701 758 67 60, +7 708 683 94 33 және 8 (727) 254 43 51 телефондарына хабарласуын сұраймын" делінген Рустам Әбдірахмановтың instagram-дағы жазбасында.

 

Кеше қазақстандық үш белгілі актер-вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейіржан Шерниязов, Азимжан Сайдбаев қаржы пирамидасына жетекшілік етті деген күдікке ілінгені хабарланған.

Әлеуметтік желі жұлдыздары қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі 2-пункті (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету: аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып жасалған) бойынша айыпталған.

Күдікті Төребаев пен Шерниязов 1000 АЕК мөлшерінде (3 063 000 тенге) кепіл өтеп, босатылса, Саидбаевты полиция әлі таппаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір