• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 05:14:46
Алматы
+35°

Қазақстандық үш белгілі вайнер Мейіржан Төребаев, Мейіржан Шерниязов, Азимжан Сайдбаев қаржы пирамидасына жетекшілік етті деген күдікке ілінгені хабарланды.

Алматы тергеу соты бұлтартпас шарасын санкциялаған. Әлеуметтік желі жұлдыздары қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі 2-пункті (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету: аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып жасалған) бойынша айыпталып отыр.

Қазіргі уақытта Төребаев пен Шерниязов 1000 АЕК мөлшерінде (3 063 000 тенге) кепіл өтеп, босатылғаны, Саидбаевты полиция әлі таппағанын, оны сырттай екі айға қамау туралы шешім шыққаны белгілі.

Вайнерлердің ешқайсысы болған жайтқа байланысты пікір білдірген жоқ.

Мейіржан Төребаев instagram-дағы stories-ке Шымбұлақта демалып жүргенін салса, Мейіржан Шерниязов stories-ке соңғы рет 20 сағат бұрын шыққан. Азимжан Сайдбаев instagram парақшасына 4 желтоқсаннан бері ештеңе салмаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір