08 Ақпан, 2022 NEWS
Көрнекі сурет
Премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанда утилизациялық алым ставкасы айтарлықтай төмендейтінін мәлімдеді.
– Қоршаған ортаны ластайтын заттарды азайтуға, қалдықтар мен су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіруге, көлдерді қалпына келтіруге бағытталған шаралар жүзеге асырылып жатыр. Автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасынан алынатын утилизациялық алым ставкасын әжептәуір төмендету көзделіп отыр, – деді Смайылов.
Сонымен қатар үкімет басшысы технологиялық қажеттіліктер үшін тұщы суды тұтынуды азайту, қоқыс орындарының санын қысқарту шаралары жүргізілетінін атап өтті.
Тоқаев 11 қаңтарда утиль алымы мөлшерін қайта қарап, жекеменшік "ӨКМ операторы" компаниясының қызметін тоқтатуды тапсырған.
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір