• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Желтоқсан, 07:28:21

Фото: әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Асқар Мұратұлы "Қазавтожол" төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

 
– Бүгін менің "Қазавтожол" ұлттық компаниясындағы соңғы жұмыс күнім. Осы уақыт аралығында жүзеге асқан барлық жобалар менің әріптестерімнің жемісті еңбегі деп білемін,  – деп жазды А. Маратұлы.

 

Асқар Мұратұлы "ҚазАвтоЖол" АҚ басқарма төрағалығына 2021 жылдың сәуірінде тағайындалған.

Аталған қызметке келмей тұры 2 жыл Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. 1998-2002 жылдары көлік және коммуникация министрлігінде жетекші маман, кейін автомобиль жолдары комитетінің бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

2012-2015 жылы Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болған.

2015 жылдан 2017 жылға дейін Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

2017-2019 жылдары Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір