• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 07:12:09
Алматы
+35°

  Маңғыстау облысында басталған «Қыс – 2021»  республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысқан өңір басшысы Нұрлан Ноғаев азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару органдары мен күштерінің қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға әзірлігімен танысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 Маңғыстау

 Оқу-жаттығуларды сапалы өткізу мақсатында төтенше жағдайларды жоюға бағытталған шаралар ұйымдастырылып,  азаматтық қорғау қызметінің күштері және шұғыл әрекет ету жасақтары сап түзеді.

 Мангыстау

 Облыс бойынша шұғыл әрекет ету жасағы жеке құрамының жалпы саны 867 адам мен 318 бірлік техниканы құрайды. Жанар - жағармай материалдары, азық-түлік, дәрі-дәрмек, электр генераторлары, құм-қиыршық тас қоспасы, 370 тонна тұз, 1300 м3 құм қоры қамтамасыз етілді . Сумен, жылумен, энергиямен, газбен жабдықтауды үздіксіз беру ұйымдастырылды, техника мен инертті материалдардың картасы әзірленді, тәулік бойы кезекшілік ету үшін арнайы орындар құрылды.

 Мангыстау

Облыстың қала, аудандарында 7 шұғыл әрекет ету жасағы, жеке құрамның 730 адам күші мен 265 бірлік техникасы бар. 

 Мангыстау

Облыстың азаматтық қорғау қызметі құралымдарының саны 114 бірлікті құрайды, ол жеке құрамнан 9 037 адам және 1 155 бірлік техникадан тұрады.

 Мангыстау

Сонымен қатар, ҚР ТЖМ 2020 жылғы 24 қазандағы № 10 «2020-2021 жылдардағы қысқы кезеңдегі ТЖ-ға АҚМЖ дайындау туралы» бұйрығына сәйкес Маңғыстау облысында 1 626 адам және 271 бірлік техника көлемінде күштер пен құралдар тобы құрылды.

 Мангыстау

 Бұдан басқа, республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда уақытша 20 жылыту пункті дайындалған. Оның 13- і Республикалық маңызы бар автожолдарда, 7-уі облыстық маңызы бар автожолдарда орналасқан. Облыстық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау үшін 69 бірлік техника, 125 тонна тұз, 850 тонна инертті құм материалдары дайындалды. Республикалық маңыздағы автожолдарды қысқы кезеңде күтіп ұстау үшін  24 бірлік арнайы техника, 101 тонна тұз, 560 тонна құм және 92 бірлік жол белгілері қойылған.

 Мангыстау

Тексеру қорытындысы бойынша Нұрлан Ноғаев жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Мангыстау

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір