• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 06:29:37
Алматы
+35°

Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті Дональд Трамптың ұзақ жылдық одақтасы Стив Бэннонға АҚШ өкілдер палатасының комитетіне қарсылық танытқаны үшін қылмыстық айып тағылды.

Өкілдер палатасы АҚШ Конгресінде қаңтарда болған тәртіпсіздікті тергеп жатыр.

67 жастағы Бэннон 6 қаңтарда Капитолийге жасалған қанды шабуылға қатысты конгресстің тергеуімен ынтымақтасудан бас тартқан.

Бэннонның кінәсі дәлелденсе, бір жылға дейін түрмеде отыруы және 100 000 доллар айыппұл төлеуі мүмкін.

Оған жұма күні бұл іс бойынша ресми айып тағылған.

Бэнон Трамп әкімшілігінде бас стратег болып жұмыс істеген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Трамп Бэнон

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір