• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Желтоқсан, 07:09:32
Алматы

Қазақстанда 15-ші қарашадан бастап 7 ақылы жол іске қосылады. Жол жүру тарифтері бекітілді

14-нен 15 қарашаға қараған түні сағат 00:00-де төменде көрсетілген жолдар ақылы болады.

1. Нұр-Сұлтан – Павлодар 
2. Шымкент – Өзбекстан шекарасы (Ташкентке) 
3. Щучинск-Көкшетау 
4. Қапшағай – Талдықорған 
5. Шымкент – Тараз 
6. Тараз – Қайнар 
7. Шымкент – Қызылорда 

Жол жүру құны көлік түріне және маршрут ұзақтығына байланысты. Жол ақысын интернет-банкинг, төлем терминалдары, сондай-ақ SMS арқылы төлеуге болады. 

Ақылы жолдың жанында тұратын ауыл тұрғындарына жеңілдіктер қарастырылған. Олар өз жеңіл автокөліктеріне жылдық абонемент сатып ала алады, абонемент құны 1 000 теңгені құрайды.

Оны алу үшін жүргізуші ақы алу пунктінде "Қазавтожол" өкіліне жүгініп, машинаның техникалық төлқұжаты мен жеке куәлігін көрсетуі керек.

Ақылы жолға төлейтін тарифтер құны төменде көрсетілген; 

Шымкент-Қызылорда ұзындығы 446,5 км; Бүкіл маршрут бойынша жол жүру құны (бір бағытта) 

Жеңіл көлік - 440 теңге;

16 орынға дейінгі автобустар/ жүк көліктері (жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейін) - 2 190 теңге;

32 орынға дейінгі автобустар/жүк көліктері (5,5 тоннаға дейін) - 4 430 теңге;

32 орыннан жоғары автобустар / жүк көліктері (автопоездың жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін) - 6 630 теңге;

Жүк көліктері (10 тоннадан 15 тоннаға дейін) - 8 860 теңге;

Жүк көліктері (15 тоннадан астам), оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар – 11 050 теңге. 

Нұрсұлтан-Павлодар ұзындығы 375 км;

 

Жеңіл көлік-380 теңге;

16 орынға дейінгі автобустар/ жүк көліктері (жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейін) - 1 860 теңге;

32 орынға дейінгі автобустар/жүк көліктері (5,5 тоннаға дейін) - 3 730 теңге;

32 орыннан жоғары автобустар / жүк көліктері ( автопоездың жүк көтергіштігі

10 тоннаға дейін) - 5 600 теңге;

Жүк көліктері (10 тоннадан 15 тоннаға дейін) - 7 470 теңге;

Жүк көліктері (15 тоннадан астам), оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар - 9 340 теңге.

Тараз-Қайнар ұзындығы 237,5 км:

Жеңіл көлік-240 теңге;

16 орынға дейінгі автобустар/ жүк көліктері (жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейін) - 1 180 теңге;

32 орынға дейінгі автобустар/жүк көліктері (5,5 тоннаға дейін) - 2 380 теңге;

32 орыннан жоғары автобустар / жүк көліктері ( автопоездың жүк көтергіштігі

10 тоннаға дейін) - 3 560 теңге;

Жүк көліктері ( 10 тоннадан 15 тоннаға дейін) - 4 750 теңге;

Жүк көліктері (15 тоннадан астам), оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар - 5 940 теңге.

Қапшағай-Талдықорған ұзындығы 186 км: 

Жеңіл көлік-190 теңге;

16 орынға дейінгі автобустар / жүк көліктері (жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейін) - 940 теңге;

32 орынға дейінгі автобустар/жүк көліктері (5,5 тоннаға дейін) - 1 860 теңге;

32 орыннан жоғары автобустар / жүк көліктері ( автопоездың жүк көтергіштігі

10 тоннаға дейін) - 2 790 теңге

Жүк көліктері ( 10 тоннадан 15 тоннаға дейін) - 3 730 теңге;

Жүк көліктері (15 тоннадан астам), оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар - 4 660 теңге.

Шымкент - Тараз, протяженность 89,3 км:

Жеңіл көлік-90 теңге;

16 орынға дейінгі автобустар / жүк көліктері (жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейін) - 430 теңге;

32 орынға дейінгі автобустар / жүк көліктері (5,5 тоннаға дейін) - 880 теңге;

32 орыннан жоғары автобустар / жүк көліктері ( автопоездың жүк көтергіштігі

10 тоннаға дейін) - 1 310 теңге;

Жүк көліктері ( 10 тоннадан 15 тоннаға дейін) - 1 760 теңге;

Жүк көліктері (15 тоннадан астам), оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар-2 190 теңге.

Шымкент-Өзбекстанмен шекара (Ташкентке), ұзындығы 84 км:

Жеңіл көлік-90 теңге;

16 орынға дейінгі автобустар / жүк көліктері (жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейін) - 420 теңге;

32 орынға дейінгі автобустар / жүк көліктері (5,5 тоннаға дейін) - 840 теңге;

32 орыннан жоғары автобустар / жүк көліктері ( автопоездың жүк көтергіштігі

10 тоннаға дейін) - 1 260 теңге;

Жүк көліктері ( 10 тоннадан 15 тоннаға дейін) - 1 680 теңге;

Жүк көліктері (15 тоннадан астам), оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар-2 100 теңге.

Щучинск-Көкшетау ұзындығы, 60,7 км:

Жеңіл көлік-60 теңге

16 орынға дейінгі автобустар / жүк көліктері ( жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейін) - 300 теңге;

32 орынға дейінгі автобустар/жүк көліктері (5,5 тоннаға дейін) - 600 теңге;

32 орыннан жоғары автобустар / жүк көліктері (автопоездың жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін) - 900 теңге;

Жүк көліктері ( 10 тоннадан 15 тоннаға дейін) - 1 200 теңге;

Жүк көліктері (15 тоннадан астам), оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар-1 500 теңге.

 

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазавтожол ақылы жол

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір