• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 05:02:52
Алматы
+35°

Фото: Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті

Алматыдағы "Қазына" базарында өрт шықты. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 

Өрт сөндіру қызметі сағат 12.20-да Алатау ауданында орналасқан "Қазына" базарына келді.

"Бүгін сағат 12:14-де өрт шыққаны хабарланды. Жалпы ауданы 120 шаршы метрлі екі контейнер жанып, көрші контейнерлерге таралу қаупін туындатты. Барлау барысында алғашқы бөлімшелерде су аз екен, сондықтан өрт сөндіру автоцистерналар сумен қамтамасыз етілді.

40-тан аса адам мен 14 техника жұмылдырылды. Жолды полиция департаменті қоршауға алды" делінген хабарламада. 

Өрт 18 минутта, сағат 12:38-де сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір