• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Қазан, 00:19:11
Алматы
+8°

29 Ақпан, 2024 Түркістан облысы

Желіде лаңкестікті насихаттады деген күдікпен Шымкент тұрғыны ұсталды

Тергеу нұсқасы бойынша ұсталған ер адам ертеректе ұзақ уақыт бойы алыс шет елдердің бірінде тұрып, радикалды идеологияны қабылдаған. 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

2024 жылы 28 ақпанда ҰҚК покуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкент қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Qamshy.kz.

Ол әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағаны үшін күдікке ілінді. 

Тергеу нұсқасы бойынша ұсталған ер адам ертеректе ұзақ уақыт бойы алыс шет елдердің бірінде тұрып, радикалды идеологияны қабылдаған. 

"ҚР Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді", делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір