• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:25:54
Алматы
+12°

Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы-Жалаңашқұл тас жолында жол апаты болып, салдарынан жүргізушілердің әйелдері мен балалары оқиға орнында қайтыс болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Жол апатының видеосы osa_uka_vko Instagram парақшасында жарияланды. 

Қайғылы оқиға кеше сағат 15:10-да Үржар ауданында болған. Мақаншы-Жалаңашкөл тас жолында үш автомобиль – Geely, Kia Sportage және Lada 21154-30 соқтығысқан.

"Geely жүргізушісінің 48 жастағы әйелі мен 13 жастағы ұлы, сондай-ақ Лада жүргізушісінің 47 жастағы әйелі мен 18 жастағы қызы оқиға орнында қайтыс болды. Екі көлік жүргізушісі мен бір жолаушы түрлі дене жарақатымен Мақаншы аудандық ауруханасына жатқызылды" делінген департамент таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігі (Жол ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу)  бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от САМЫЕ СВЕЖИЕ НОВОСТИ 24/7 (@osa_uka_vko)

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір