• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 14:45:37
Алматы
+35°

Лондонда өткен Rainbow Film Festival ХХІІ халықаралық кинофестивалінде қазақстандық Шарипа Оразбаева "ең үздік әйел режиссер" мараптына ие болды. Бұл туралы Шарипа Оразбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Шарипа Оразбаева мұндай  марапатқа "Мәриям" фильмінің арқасында қол жеткізген. Фильм желісінде Мәриям есімді әйелдің күйбең тіршілігі мен өмірдің қатал сынағына жалғыз өзі төтеп бергені баяндалады.

– Бұл мен үшін күтпеген жаңалық болды, –  деді Шарипа Оразбаева.

Мәриям (2019) –  режиссердің алғашқы толықметражды фильмі. Бұл картина сондай-ақ Босфор кинофестивалі-2019 халықаралық байқауының "Үздік фильм" номинациясына ие болған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір