• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Шілде, 00:08:05
Алматы
+35°

26 Ақпан, 2024 Қарағанды облысы

"Балқаш Нан" комбинатының қожайыны жол апатынан көз жұмды

Қарағанды облысында белгілі кәсіпкер, "Балқаш Нан" комбинатының қожайыны жол апатынан көз жұмды. Ал оның қасында болған әйелі ауруханаға шұғыл жеткізілді.

Ашық дереккөзден алынды

Қайғылы оқиға 23 ақпанда сағат 12:30-да Ақшатау ауылынан 10 шақырым қашықтықта болған. Полиция Mercedes-AMG CLS 63 пен "ГАЗель" көлігінің қақтығысқанын нақтылайды.

"Апат салдарынан Mercedes-AMG CLS 63 көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, оның жанындағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. "ГАЗель" автокөлігі толығымен өртеніп кетті. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - делінген құзырлы ведомство хабарламасында.

Айта кетсек, Петр Васильченко - Қарағандыдағы "Орион" нан-тоқаш өнімдерін пісіретін ірі фирманың қожайыны. Ол 2022 жылдың мамырында "Балқаш Нан" наубайхана комбинатын сатып алған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір