• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 14:55:16
Алматы
+35°

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер, сценарист және актер Сатыбалды Нарымбетов 75 жасында дүниеден өтті. 


Қаралы хабарды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі растады.

Сатыбалды Нарымбетов 1946 жылы 7 наурызда Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Ащысай ауылында туған. Мәскеу қаласындағы мемлекеттік кинематография институтын бітірген.

1984 жылы жоғары режиссерлік курсты (Г.Н. Данелияның шеберханасы бойынша) бітірген.

1969 жылдан "Қазақфильм" студиясында сценарийші әрі кинорежиссер ретінде қызмет етті.

1970 жылдан - "Қазақфильм" киностудиясының кинорежиссері болды.

2005 жылдан бері Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Дебют" бірлестігінің жетекшісі болған.

"Құрманғазы" атты деректі фильмін (1972 жылы), "Зауал (1981 жылы), "Күзгі бұралаң жол" (1984 жылы) қысқа метражды фильмі, "Ұрын келген күйеу" (1987 жылы), "Созақтан шыққан Гамлет" (1990 жылы), "Көзімнің қарасы", "Жас аккордеоншының өмірбаяны" (1994 жылы), "Омпа" (1998 жылы) және тағы басқа көркем фильмдерге режиссерлік еткен.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір