• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 12:55:28
Алматы
+12°

Онсыз да көлік тығынан көз ашпайтын "Алтын орда" базарының жанындағы айналма көпір құрылысының созылғанына үш жылдан асты. Бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тұрғындармен есептік кездесуінде аталмыш жол мәселесі тағы да сөз болды.

Көпір салынады дегенде қала тұрғындары қатты қуанған болатын. Өйткені қалаға таңертең және кешкі уақытта кіріп шығатын көліктер осы уақытта сағаттап көлік тығынына тап болады. Бұл мәселенің өзін де шаршатқанын айтқан қала әкімі "Біз Instagram-да жасалған жұмыс туралы есепті жариялаған кезде, пікірлерде "Алтын Ордадағы айналма көпір қашан аяқталады?" деген сұрақ жиі қойылады. Өкінішке орай, бұл аумақ қалаға емес, облысқа тиесілі. Мен де, айналма жолдың қай уақытта аяқталғанын сұрап шаршадым. Ондағы жұмыстар министрліктің қадағалауымен мердігерлермен жүзеге асырылады. Ақша жеткілікті, бірақ мердігерлер бұл қаражатты игере алмаған болуы мүмкін", - деді қала әкімі. Және қала халқын сабырмен күте тұруға шақырды. 

Салына бастағанда жолдың 2019 жылдың аяғында бітетіні айтылған болатын. Алайда межелі уақытта жол бітпеді. Кейін жолдың 2020 жылдың жазында бітетіні айтылды. Бірақ 2021 жыл басталса да Алтын орда маңы әлі шаң мен батпақтан, құрылыс жұмыстарынан көз ашпауда. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір