• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:43:00
Алматы
+12°

Атакәсіп төрт түліктің бірі саналмаса да, еліміз шошқа өсіру ісіне аса ден қойып отыр. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасында шошқа етін өндіруді 133 мың тоннаға жеткізу жоспарланғаны соның бір айғағы. Осы орайда шопан, ауыл шаруашылығы саласының сарапшысы Алмасбек Садырбаев "жылқының айғырына бөлінетін мемлекеттік субсидия 100 мың теңге, аталық шошқаға бір аналық шошқаны ұрықтандырғаны үшін 40 мың теңге бөлінеді.

Ал бір аталық шошқа екі жүз бас шошқаны шығаратынын есептесек, бір аталық шошқаға 8 000 000 теңге бөлінеді екен. Ал шошқа жылына екі рет ұрықтанатынын ескерсеңіз 8 000 000 теңгені екі еселеңіз. Сонда бір шошқаның аталығына жылына 16млн бөлінеді. Шошқаны бұлай қолдайтын мемлекет әлемде жоқ. Мал өсірсең шошқа өсір, субсидиясы оның көл көсір... " дейді.

Расында да, шошқа өсіруге деген осыншалықты мемлекеттік қолдауды көрген басқа да шаруалар талпақ танау өсіруге құмартары анық.  Сондықтан былтырдан бері шошқа өсіруге қатысты мамандар арасында тартыс толастамай отыр.

Экономист Нұрлан Әріпжанұлының айтуынша, экономикалық өлшемге салсақ тұтынушысы табылып тұрғанда пайдаланып үлгеру үшін шошқа өндірісін тоқтатпауымыз керек.

– Біз шошқаны көбейтіп өзіміз жейін деп жатқан жоқпыз. Қытай тұтынушы ретінде былтырдан бері экономикамызға пайда әкеліп отыр. Ендеше соны неге пайдаланбасқа?! Бұл жерде бастысы экономикалық түсім. Экономикалық өлшемге салсақ тұтынушысы табылып тұрғанда пайдаланып үлгеру үшін шошқа өндірісін тоқтатпауымыз керек, – деді ол.

Ал әлеуметтанушы Нұрболат Айекешов "Төрт түлік малдың сүтін, терісін тиімді пайдалансақ, ұтымды кәсіп сол болар еді" деген пікірде.

– Жеріміздің 70 пайызы жайылым екенін ескерсек, төрт түлік малды қолдап, оның етін арзандату арқылы халықты қолжетімді өніммен қамтамасыз етуге жол ашылар еді. Қазір шыны керек, еттің қымбаттағы соншалық, көпшіліктің түсіне кіретін болып жүр. Қысты соғымсыз қарсы алатын қазақ көбейіп барады. Өйткені ет бағасы жыл өткен сайын шарықтап барады. Төрт түлік малдың сүтін, терісін тиімді пайдалансақ, ұтымды кәсіп сол болар еді. Егер шошқа өнідірісі соншалықты көп табыс әкелетін бизнес болса, оны субсидиялап не керек? Неге біз өзі дөңгелеп тұрған кәсіпке мемлекет тарапынан көмек беруіміз керек? Одан өзіміздің атакәсібімізді дамытайық. Өз халқымыз етсіз отырғанда, көршіміз үшін шошқа баққан не сәніміз?!,  деді.

Осылайша, қоғамдағы көпшілік пікірі екіге жарылып отыр. Ал, сіз не дейсіз?!

Қуаныш Ерсұңқар

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: шошқа жылқы субсидия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір