29 Қаңтар, 2021 NEWS
Фото: Instagram парақшасынан алынды
Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов өзінің жеке партиясын ашатынын ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
– Мен өз партиямды ашатынымды ресми түрде жариялаймын! Негізі мұны істегім келмеді, бірақ менің мемлекетім бұл процесті тездетті. Партия бәріне кім кінәлі, кім не істеп жатыр деген дүниелерді айту үшін емес, халықтың дауысын есту үшін құрылады.
Біздің мемлекеттің басты проблемасы – олар халықтың пікірімен санаспайды және үнін естімейді.
Партияның ашылуына ешқандай кедергі болмайды деп үміттенемін, өйткені біз еркін елде өмір сүреміз. Менің есігім бәріне ашық! Барлығыңыз партияға мүше бола аласыздар, – деп жазды ол.
Еске сала кетейік, 28 қаңтарда Алматы қаласы Алмалы ауданында Хамитовтың ісі бойынша сот отырысы өткен.
Сот спортшыны Қылмыстық кодекстің 272-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 6 ай бас бостандығынан шектеу туралы үкім тағайындаған.
Бұған дейін Қуат Хамитов 2020 жылдың қыркүйек айында әлеуметтік желіде билікке қарсы күш қолданып, билік өкілдеріне бағынбауға шақырған видеосы үшін сотқа шақырылған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір