19 Қаңтар, 2021 NEWS
Фото: Көрнекі сурет
Нұр-Сұлтан қаласында ер адам әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсаған, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
16 қаңтарда елорданың тұрғын үй кешендерінің бірінде кісі өлтіру оқиғасы болды.
Полицейлер пәтерлердің бірінде ерлі-зайыптылар арасында жанжал болғанын, ақырында күйеуі әйелін пышақтап өлтіргенін, содан кейін әйелдің әпкесіне бірнеше жарақат салғанын анықтады. Әпкесі пәтерден шығып, көршілерінен көмек сұраған, олар полиция шақырған. Бұл уақытта ер адам пәтерді ішінен жауып алған.
"Келген полиция қызметкері есікті ашып, 46 жастағы әйел мен оның жұбайының мәйітін тапты, ол өзін пышақтап тастаған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы ер адамның өлімін растады" делінген ПД хабарламасында.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір