• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Желтоқсан, 00:13:44
Алматы

8 қаңтардан бастап зейнетақы қорынан ақшаны мерзімінен бұрын алуға өтінім қабылдана бастайды. Қор қаржысын пайдалануға еш шектеу жоқ.  Бұл ktk.kz сайты хабарлады.

Бірыңғай зейнетақы қорында шекті мөлшері барлар ақша алуға бүгіннен бастап (8-қаңтар) онлайн портал арқылы өтінім бере алады. Алайда "Отбасы банк" қордағы ақшаңызды қолма-қол бермейді. Шешіп алуға болатын сома арнайы ашылған есеп-шотқа түседі. Одан соң 45 күннің ішінде құрылысшы компанияның есепшотына немесе ипотекалық қарызды өтеуге басқа банктың шотына аударылмаса, ақшаңыз автоматты түрде зейнетақы қорына қайта түседі. Жуырда ғана Қаржылық реттеу агенттігі "Отбасы банкіне" зейнетақы қорынан мерзімінен бұрын ақша алатын азаматтармен жұмыс істеуге арнайы лицензия берген. Ал банк бұл ретте азаматтарды сабырлы болуға шақырып отыр.

Қаңтардың сегізінде топырлап келудің қажеті жоқ. Бұл бір күнде басталып, сол уақытта біте қалатын бағдарлама емес. Әрине, ипотекасын төлеп жүргендердің асыға күтіп, сол күні келуі заңдылық. Ал қалған азаматтарға асықпауға кеңес беремін. Біршама уақыт өткені өзіне де пайдалы, себебі жинақтан алатын сома да өсе береді, – деді "Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Отбасы банк ЖССБ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір