• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:32:27
Алматы
+12°

Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев "Nur Otan" партиясы қатарынан шығарылып, депутаттық өкілеттігі тоқтатылды. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының ресми сайты хабарлады.

"ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевтың өкілеттігі оның "Nur Otan" партиясының қатарынан шығарылғаны туралы "Nur Otan" партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының саяси кеңесі бюросының 2020 жылғы 30 қарашадағы №1 қаулысына байланысты тоқтатылсын" делінген ресми хабарламада.

Мәжіліс депутаты Павел Казанцевтің айтуынша, "Nur Otan" беделін түсіретін әрі оның мүддесіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер жасағаны үшін Н. Әлтаевты партия қатарынан шығаруды "Nur Otan" партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының саяси кеңесі бюросына ұсыну шешімі бірауыздан қабылданды. 

– "Nur Otan" партиялық бақылау комитетінің отырысы өтті. Онда партия мүшесі Нұржан Әлтаевтың партия жарғысы мен партия мүшесінің этика кодексін сақтауы мәселесі қаралды, – деп жазды мәжіліс депутаты өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, Нұржан Әлтаев былтыр 13 ақпанда парламент мәжілісінің депутаты болған. Сол кезде ол парламенттің төменгі палатасының аграрлық мәселелер комитетінің құрамына кірген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір