02 Қараша, 2020 NEWS
Фото: Іnstagram парақшасынан скриншот
Әлеуметтік желіде бейтаныс азаматтардың Ұлттық ұлан қызметкерлерімен төбелескен видеосы тарады. Видео pavlo.detka Іnstagram парақшасында жарияланды. Оқиға Павлодар қаласында болған.
– Оқиға қарашаның 1-і күні сағат 19:25 шамасында Қайырбаев көшесіндегі кафеде болған. Ұлттық ұлан қызметкерлерімен төбелескен 26 және 37 жастағы ер адамдар қызметте жүрген 5512 әскери бөлімінің қызметкерін жарақаттаған, – деді өңірлік полиция басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Каиров.
Полицейдің айтуынша, екі бейтаныс ер адам ұлттық ұланның қызметкерлеріне дөрекі сөздер айтып, өздерін агрессивті ұстаған.
"Ұлттық ұланның қызметкерлері олардан қоғамдық тәртіпті бұзбауды ескертіп, полиция бөлімшесіне баруды сұраған. Алайда азаматтар қарсылық көрсетіп, әскери қызметкерлердің бірінің көзін жарақаттады" делінген желідегі жазбада.
Қазіргі уақытта оларға Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі (билік өкiлiне не қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi мiндеттердi атқаратын немесе қоғамдық тәртiптi бұзудың жолын кесетін өзге де адамға қарсылық көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір