Көрнекі сурет
"Есірткі контрабандасымен айналысқан, трансұлттық ұйымдасқан топ құрды және оны басқарды" деп айыпталған азамат Ресейден Қазақстанға қайтарылды. Бұл туралы Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы мәлімдеді.
"Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы шетелдік әріптестерінің сұрауы бойынша Қазақстан азаматы Стас Ларинді қылмыстық қудалау үшін ұстап беру туралы шешім қабылдады. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 264-бабының 1-бөлігінде (трансұлттық ұйымдасқан топ құру және оған басшылық ету), 286-бабының 4-бөлігінде (есірткі құралдары мен психотроптық заттардың контрабандасы), 297-бабының 4-бөлігінде (есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау, жөнелту және өткізу) және 385-бабының 2-бөлігінде (жалған құжатты қолдан жасау және өткізу) көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталуда" делінген бас прокуратураның ресми сайтындағы хабарламада.
Сондай-ақ С.Ларин 2016 жылы есірткі құралдары мен психотроптық заттарды пайдакүнемдік мақсатпен ауыр және ерекше ауыр қылмыстар жасау үшін тұрақты құрылымдалған трансұлттық ұйымдасқан топ құрып, оны басқарғаны белгілі болды.
2016 жылдың маусымы мен 2017 жылдың қазан айы аралығында ол есірткі құралдары мен психотроптық заттарды заңсыз өткізудің арнасын ұйымдастырген. Заттарды бірнеше рет Қазақстан кедендік шекарасы арқылы ел аумағында одан әрі заңсыз сату үшін трансұлттық ұйымдасқан топ мүшелеріне жіберген.
Ларин жіберген есірткі және психотроптық заттар Алматы қаласының әуежайындағы халықаралық пошта өңдеу бөліміне келіп, "Қазпошта" мен бөлімшелеріне жіберілген.
Сондай-ақ ол Ресей Федерациясында жүргенде есірткі құралдары мен психотроптық заттарды заңсыз сатуды ұйымдастыру үшін интернет-дүкен құрған.
Ларин 2019 жылдың желтоқсанында Новосибирск облысының аумағында ұсталды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір