10 Тамыз, 2020 NEWS
Көрнекі сурет
Қазақстанда 114 бала коронавирус індетін жұқтырып, оның үшеуі Кавасаки синдромына шалдыққан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте хабарлады.
– Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған 2 257 жағдай тіркелді. Бүгінде коронавирус жұқтырған 114 бала ауруханада емделіп жатыр. Кавасаки синдромы – күретамырға зақым келетін күрделі ауру түрі. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан, Алматы және Петропавл қалаларында Кавасаки синдромын жұқтырған үш жағдай тіркелді, – деді Бағдат Қожахметов.
Елде коронавирус жұқтырғандар саны 99 442-ге жетті. Оның ішінде 72 523 адам ауруынан айығып, 1 269 адам аурудан көз жұмды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір