• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:40:35
Алматы
+12°

Оңтүстік Қытай теңізіндегі шиеленістер өршіген тұста, АҚШ аймаққа ядролық бомбалаушы ұшағын жіберді. Бұл туралы Қамшы тілшісі Нью-Йорк Таймс газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ Паракел аралдарына жақын жерде жаттығулар өткізді. "Вашингтон Оңтүстік Қытай теңізіндегі артып келе жатқан күшін көрсетуге тырысты" деп жазған басылым Американың ядролық қарулар алып жүретін соғыс ұшағынның даулы аймаққа жіберілгенін мәлімдеді.

Қытай аймақтағы аралдарды өзінің меншігі екенін жариялағаннан кейін Дональд Трамп Оңтүстік Қытай теңізіндегі АҚШ әскери күштерін арттырған. Америкалық Кәсіпорындар Институтының маманы Ориана Скылар Мастро Қытайдың қайтарма әрекеттеріне Вашингтонның дайын болу керектігін ескерткен.

– Біз оларды Паракел маңындағы теңізге жібердік, бұл қауіптірек. Қытай бұған күшпен жауап беруі мүмкін, бірақ біз бұл қатерді қабылдауға дайынбыз, – деді маман.

Пентагон шенеуніктері соғыс ұшақтарын таситын әскери кемелерді қорғау үшін конвенциялық және ядролық қаруды алып жүретін "B-52 Stratofortress" бомбалаушысын даулы аймаққа жіберген.

Бұл қазірге дейінгі Қытайдың аймақтағы ықпалын арттыруға тосқауыл қоюдағы Вашингтонның соңғы қадамы.

Бұған дейін Оңтүстік Қытай теңізіне АҚШ-тың соғыс ұшақтарын таситын әскери кемелер жібергенін хабарлаған болатынбыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір