08 Шілде, 2020 NEWS
exclusive.kz
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала дәріханаларында кезектің көбеюіне байланысты түсініктеме берді. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.
– Құрметті алматылықтар! Бірқатар дәріханаларда кезек көбейіп, жұрт арасында дүрлігу байқалды. Осы жәйтке түсініктеме бере кетсем деймін. Сұранысқа ие препараттарға деген қажеттілікті тұрақтандыру үшін 1 шілдеден бастап дәріханаларға 475 мың дана әлеуметтік маңызы бар препараттар, соның ішінде 260 мың парацетамол, 98 мың аспирин, 35 мың ингавирин, 22 мың азитромицин, 15 мың кардиомагнил және басқа да дәрі-дәрмектер түсті. Сондай-ақ дәріханаларға 30 мың термометр қойылды. Қоймаларда әлеуметтік маңызы бар 645 мың дәрі-дәрмек, соның ішінде 301 мың аспирин, 84 мың кардиомагнил, 73 мың парацетамол, 42 мың ибупрофен, 26 мың амоксиклав және басқа да дәрі-дәрмектер бар, – деді шаһар басшысы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір