05 Сәуір, 2024 NEWS
Фото: ТЖМ
Елорда маңындағы Талапкер ауылын су басты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәлімдеуінше, кеше түнде Целиноград және Шортанды аудандарының егістіктеріндегі қар суы еріп, Талапкер ауылындағы су бұру каналы учаскесін су шайып кеткен.
"Қазір ТЖМ қызметкерлері каналдың бұзылған тұсын құм салынған қаптармен нығайтып жатыр. Ауыл тұрғындарынан сабыр сақтап, құтқарушылардың нұсқауын орындауды сұраймыз" - делінген ресми хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір