• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:29:03
Алматы
+12°

Халық банкі АҚ «Халық» қайырымдылық қоры және Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өңірдегі 2000 отбасыға 6000 азық-түлік себеті таратылды.

«Халық» қоры еліміздегі төтенше жағдайда көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын созып, көмек көрсетуде. Азық-түлік жиынтығында күнделікті тұтынатын қажетті тағамдар: күріш, ұн, макарон, май, шай, қант және тәттілер бар. Бүгінде гуманитарлық көмек ауданға жөнелтілді және олар тұрғындарға жергілікті әкімдіктер берген тізімге сәйкес, Halyk Bank қызметкерлері мен еріктілермен таратылады.»,- деді Айдар Жакупов.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші «Халық» қорына еліміздегі Бейбіт Әлібеков, Анвар Жұмағұлов, Айдар Жақұпов сынды кәсіпкерлер, блогерлер мен қоғам қайраткерлері де қолдау көрсеткен.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір