27 Мамыр, 2020 NEWS
Көрнекі сурет
Педагогика мамандықтарының стипендиясын 26 мың теңгеден 42 мың теңгеге арттыру қажет. Бұл туралы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында президент Тоқаев мәлімдеді.
– Педагогика мамандықтарына түсуге қойылатын талаптарды біртіндеп арттыру қажет. Оларды тартымды ете түсу үшін болашақ мұғалімдерге арналған шәкіртақыны 26 мыңнан 42 мың теңгеге дейін арттыру керек, – деді ол.
Сондай-ақ отырыста ЖОО оқытушыларының жалақысы көбейетіні, жыл сайын 100 ғалымды әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуіне қаржы бөлу керектігі мәлімделді.
Сондай-ақ докторантура гранттарының санын арттырып, стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көтеру керектігі айтылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір