• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Желтоқсан, 07:06:13
Алматы

2020 жылы республикалық маңызы бар жолдардың 1089 шақырымы қалпына келтіріледі. Былтыр бұл көрсеткіш 1101 шақырым болған, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Жолдардың 546 шақырымы ресайклинг әдісімен жөнделсе, кедірлі-бұдырлы беттік өңдеумен жолдардың 287 шақырымы қамтылады. Асфальт-бетон жабындысы жолдардың 172 шақырымында жаңартылып, 85 шақырым жол микросюрфейсинг технологиясымен жөнделеді.

Биыл жөнделетін жолдардың біразы Қарағанды облысына тиесілі. Мұнда «Қызылорда – Павлодар – Успенка  – РФ шекарасы», «Қызылорда – Павлодар», «Жайрем – Қаражал – Атасу», «Жезқазған – Петропавл», «Ақшатау – Ағадыр – Ортау», «Қызылорда – Павлодар», «Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр – Энтузиаст – Киевка – Теміртау» және «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз» жолдары жөнделеді деп жоспарланған. Орташа жөндеуден өтетін жолдардың жалпы ұзындығы – 279 шақырым.

Орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін жолдардың ұзақтығы бойынша екінші орында Қостанай облысы тұр. Өңірде биыл жолдардың 110 шақырымы жөнделеді. Атап айтқанда, «Денисовка – Жітіқара – Мықтыкөл – РФ шекарасы», «Мамлютка – Қостанай», «РФ шекарасы (Екатеринбург) – Алматы» жолдары жөндеуден өтеді.

Ақмола облысында жолдардың 107 шақырымы жаңартылады. Жөндеу жұмыстары «Көкшетау – Атбасар», «Нұр-Сұлтан – Петропавл», «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы (Омбы), «Бурабай курорттық аймағына апаратын жол», «Көкшетау бұрма жолы» және «Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті» жолдарында жүргізіледі.

Қазақстандағы республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 24888 шақырымды құрайды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: автожол

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір