27 Сәуір, 2020 NEWS
BBC
Италия коронавирустың таралуын азайту үшін жеті апта бұрын қойылған қатаң шектеулерді жеңілдету жоспарларын мәлімдеді. Бұл туралы Қамшы тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Италия Премьер-министрі Джузеппе Конте 5 мамырдан бастап шектеу шаралары жеңілдейтінін жариялады. Енді италиялықтарға бетперде киіп, туыстарына баруына болады.
Саябақтар қайта ашылады, бірақ мектептерде қыркүйек айына дейін сабақ басталмайды.
Швейцария мен Испания сияқты басқа елдер де шараларын жеңілдетуде.
Италияда жексенбіде вирустың жаңа 260 өлімі тіркелді, бұл 14 наурыздан бергі ең төменгі күндік көрсеткіш. Қазір бұл сан 26 644-ке жетті, бұл Еуропадағы ең жоғары өлім мөлшері.
Әлемде ауруды бақылайтын Джон Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, елде 197 675 вирус жұқтырушы тіркелген.
Италияда наурыз айының ортасынан бастап өлім-жітімнің ең төменгі деңгейі тіркелген болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір