• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Желтоқсан, 07:08:41
Алматы

5 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласындағы дәмханалардың бірінде көп балалы аналар былтыр өрттен қаза болған бес сәбиге арнап, ас берді. Оған жүзге жуық адам жиналды. Арасында әкімдік өкілдері де болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттықтың дерегін негізге алып. 

Аналардың айтуынша, имам шақырып, құран оқытуға қажетті шығынды өздері көтерген. Әркім жағдайына қарай 500,1000, 2000 мың теңгеден қосылған.

Өткен жылы 4 ақпанға қараған түні астана маңындағы Көктал-1 ықшамауданында көмірмен жылынатын жер үйден өрт шығып, бір отбасының бес қызы қаза болған. ​Қайғылы оқиға қазақстандықтардың мемлекеттік әлеуметтік саясатқа қатысты ашу-ызасын туғызды.

Нұр-Сұлтан мен өңірлердегі көпбалалы аналар әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігін айтып, наразылыққа шықты.​ Кейінірек үкімет көп балалы отбасыларға берілетін әлеуметтік көмек түрлерін көбейткен.

Ел астанасында болған қайғылы оқиғадан кейін тура бір жылдан соң, ұқсас жағдай Алматы түбіндегі ауылда қайталанды. Ақпанның 3-і күні Өстемір ауылында болған өрттен үш және төрт жастағы екі бала қаза тапты. Ата-анасы бұл кезде үйде болмаған: әкесі қалаға жұмыс іздеуге, ал анасы ұлы мен қызын сыртынан жауып, дүкенге кеткен.​

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: өрт Астанадағы өрт

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір