• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:33:45
Алматы
+12°
 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы қаралды, деп жазады primeminister.kz.

3 жылда Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға 1 трлн 466 млн теңге бөлінді. Мектепке дейінгі ұйымдардың желісі 1728 бірлікке ұлғайтылды, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі оқытумен қамту 98%-ға дейін артты. 1-10 сынып оқушылары (95,4%) жаңартылған мазмұнға көшті. 273 мың мұғалім (94%) жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқытылып, 30% мөлшерінде үстемеақы алуда. Аттестациядан өткен 123 мыңнан астам мұғалім қосымша төлемдерді 30-дан 50%-ға дейін алады.

Үкімет басшысы Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында, жаңа Мемлекеттік бағдарлама аясында 2020 жылдан бастап, төрт жыл ішінде педагогтердің жалақысын 2 есеге кезең-кезеңімен арттыру жоспарланғанын атап өтті. Сонымен бірге, балалар балабақшалармен 100% қамтамасыз етіледі, үш ауысымда оқыту және апатты жағдайдағы мектептер толығымен жойылады.

2025 жылға дейін елімізде 800-ге жуық жаңа мектеп салынады. Тірек елді мекендерде 114 интернат салынады.

Премьер-Министр инвесторлар үшін білім беру саласының өсіп келе жатқан тартымдылығының маңыздылығын атап өтті. Алдағы 5 жылда салаға 11,5 трлн теңге бағытталады, оның ішінде 1,3 трлн жеке инвестициялар тартылады. Бұл жеке инвесторлар есебінен 150 мың орынға қосымша мектептер салуға мүмкіндік береді.

– Ел экономикасы үшін ғылымның нәтижелігін арттыру үшін ғылыми-зерттеу қызметі жетілдіріліп, ғылымға жұмсалатын шығындар көбейтіледі. Білім беруді қаржыландыру ЖІӨ-нің 7% деңгейін құрайды», – деді А. Мамин.

Үкімет басшысы Білім және ғылым министрлігіне жыл басынан бағдарламаның іске қосылуын және көздеген көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір