02 Шілде, 2019 NEWS

Осымен екінші жыл қатарынан қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға 1000- ға жуық адам қатысты.

"Түнгі марафонға қатысушылардың көбі жастар. Дегенмен егде жастағы қатысушылар да аз емес. Соның бірі 51 жастағы Ажар Алимақанова жүгіруді әдетке айналдырған, тұрақты қатысушы болып табылады. Осындай спорттық шаралар арқылы жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыра аламыз. Өткізіліп жатырған марафон алдағы уақытта да жалғасын таба бермек",- дейді "Atyrau Marathone-2019" ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Юрий Пономарев. 

Түнгі марафон 4,5 км-ге қашықтықты қамтыды. Барлық қатысушыларға мәре алдында неон білезіктері, ал мәреге жеткен соң естелік медальдар мен сертификаттар берілді. Ерлер мен әйелдер арасында үздік келген 5 қатысушыға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Іс-шара соңында түнгі марафон ұйымдастырушылары ең креативті және «ең жарқыраған киімді» таңдады. Хоккейші, покемон және солдат кейпінде киініп келген тұрғындар үздік деп танылды. 

Айта кетейік, шілде айында дәстүрге айналған "Эко марафоны" өтетін болады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір