14 Маусым, 2019 NEWS
Сайлаудағы бақылаушылар: Біз басқа кандидаттармен сайлау өткізуді қалаймыз (видео)
2019 жылдың 14-маусым күні сағат 12:00-де Алматы қаласында сайлау бақылаушыларының бастауымен баспасөз конференциясы өтті
Sputnik Казахстан
2019 жылдың 14-маусым күні сағат 12:00-де Алматы қаласында сайлау бақылаушыларының бастауымен баспасөз конференциясы өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Конференцияның басты мақсаты – сайлауда болған заң бұзушыларды жазаға тарту. Заң бойынша жазалау. Көрсетілген мөлшерде темір торға тоғыту. Сайлауды қайта өткізу. Жаңа кандидаттар жасақтау. Сайлаудың әділ өтпегенін мойындату.
Спикерлер – Серік Абишев, Ақмарал Қамбарқызы, Арай Назарова, Айман Тұрсынхан, Тимур Почанов.
Спикерлер Алматы қаласының учаскелеріндегі бақылаушылар тобынан келген. Неше түрлі заң бұзушылықты көзбен көрген.
Конференцияның басын Серік Абишев бастады. Қолында бар фактілерді көрсетіп, тек сол дерек бойынша сөйлеуге тырысты. Сөз арасында:
–Біздің сайлаудағы дауысымыз ұрланды. Мен бұл сөзді ҚР-ның азаматы ретінде айтып тұрмын. Бақылаушыларды қудалау көп жерде кездесті. Сол жандардың барлығына тиісті шара қолдануларыңызды сұраймыз,- деді. Сандармен көрсетілген деректерді халыққа ұсынып, өз сөзін растайтын құжаттарды жария етті.
«Аманат» сайлауалды қоғамдық бақылау тұғырнамасының атынан келіпе тұрмын" деген ер кісі Серік Абишевтың сөзін бөліп, оған:
–Неге жаман жақтарын ғана айтасыздар, менді бақылаушы болдым. Біздің учаскеден ешкім ештеңе сұраған жоқ. Әділетті болсаңыздар қайтеді. Мынау барып тұрған арандатушылық қой,- деп сөзін кесе айтты.
Бақылаушылар мен конференцияны ұйымдастырушылар ер адамды іс-шарадан алыстатып, сыртқа шығарып жіберді. Ары қарай сөз кезегі Тимур Почановқа берілді. Оның да айтып отырғаны – осы әңгіме.
–Интернетте жүрген от жақсаң өшіп кететін сияның видеосын мен салған болатынмын. Ол Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылында болған оқиға. Мен мобильді топтың ішінде болғандықтан, оқиға орнына бірден барып, полиция қызметкерлерін шақыртқанбыз. Бірақ, бізді тыңдар ешкім болмады,- деді Почанов мырза.
Сонымен қатар Ақмарал Қамбарқызы да, Айман Тұрсынхан да өз көзімен көрген заң бұзушылықтарды айтып берді. Кезек сұрақтарға келді.
«Егер сіздер сайлаудың әділетсіз екенін дәлелелдеп шықсаңыздар, президент кім болады?»,- деген сауал кездесті.
Оның жауабын Серік мырза өзі берді.
«Билік әділетсіз екенін мойындап жатса, қайтадан екінші сайлау өткіземіз. Бірақ, бұл жолы басқа кандидаттармен.»,- деді.
Бақылаушылар қолдарында бар фактілердің барлығын ұсынды. Қорытынды сөзді Серік Әбішов айтты:
–Біз конференцияны митинг жасау мақсатпен жасаған жоқпыз. Тек қана заң жүзінде әділдікке жетсек,- деді.
Осы секілді видеоматериалдар өте көп. Жақында барлығы әлеуметтік желіде жарық көретін болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір