• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Желтоқсан, 00:13:54
Алматы

25 Ақпан, 2013 Ғылым-білім

Экспедиция нәтижесі: алтын құлыптың ар жағы – түркі мәдениеті (видео)

Байырғы түркі қағандары Астана салып, бөрілі байрағын қадаған Моңғол жері – тұнып жатқан ескі түркі мәдениетінің алтын бесігі саналады.  2011 жылы түрколог,...

Байырғы түркі қағандары Астана салып, бөрілі байрағын қадаған Моңғол жері – тұнып жатқан ескі түркі мәдениетінің алтын бесігі саналады.  2011 жылы түрколог, ғалым, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Түркология және алтайтану ғылыми Орталығының жетекшісі Қаржаубай Сартқожаұлының басшылық етуімен Моңғол жеріне тағы бір тарихи экспедиция жасалды. Экспедицияның бағыты –  Моңғолияның  Бұлғын аймағы, Баяннұр ауданының Мойхонол деген адырлы өңірі еді.  Құрамында қазақстандық реставратор  Қырым Алтынбеков пен жас ғалым Жантегін Қаржаубайұлы, Моңғол тарихшысы Ошыр мен археолог Ерден Болд бар ғылыми топ таңғаларлық тарихи құбылыстың куәгері болды. Тарихи құбылыс дейтініміз, экспедиция нәтижесінде бұған дейін белгісіз болып келген ежелгі түркі мәдениетінің бір беті аршып алынды.

Бұл VII ғасырда өмір сүрген Түркі қағанының жер бетінен 8 метр тереңдікте жатқан  жер асты кесенесі екен. Мазар аумағы 34-36 метр. Кірер есік  3 метрлік қазбадан кейін ғана көрінген. Ұзын дәлізді бойлай бес жерден арка жасалыпты. Бір таңғаларлығы,  соңғы есікке алтын құлып салып, бекітіп қойыпты. Оның ішінде бойы 20-50 сантиметрлік қыштан соғылған 95 түркі мүсіні тізіліп тұр. Олар ұлы қағанға үміт артқан орда адамдары екені байқалады. Мүсіндер қатарында тұлпар мінген түркі жауынгері, қайтпас қас батыр тұлғасы, сайлауытты аттар мен саяқ жатқан тазы ит кездеседі. Тіпті жақұтты жүзік пен сап алтыннан құйылған қағанның алтын аяғы тұр... Византия дәурінің 60 шақты алтын ақшасы мен түркілердің алтыннан құйылған төл теңгесі де кездеседі. Ал қабырға суреттерінде арғымағын сайлаған атқосшылар, бәйтеректі пір тұтқан түркі бейнесі, тәңірлік сенім үйі қайқы шатыр ғибадатхана... Ең кереметі  9 метрлік жолбарыс бейнесі сызылған. Сүйінбай мен Жамбылдың жырлайтын қызыл жалын жолбарысы міне осы демеске шараңыз жоқ.

http://youtu.be/tWCH4HXZTHA
Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір