03 Наурыз, 2014 Ұлы көш
Әміржан Қосанов. Жат жұрттағы ағайынға хат
"Шетелдегі әр қазақ – біздің жалғызымыз. Тәуелсіздіктен кейін жалпы саны 1 миллионға жеткен қандастарымыз керегемізді кең, тереземізді тең қылды. Дәл қазір...
"Шетелдегі әр қазақ – біздің жалғызымыз. Тәуелсіздіктен кейін жалпы саны 1 миллионға жеткен қандастарымыз керегемізді кең, тереземізді тең қылды. Дәл қазір «Қазақ көші» қаңтарылып тұр. Бұған әрине билік тарапынан жасалған мың сан кедергілер тосқауыл болуда. Дегенмен мұндайда ел ағаларының пікірі айрықша маңызға ие. Сондықтан қазақ билігі құшақ жайып тұрмаса да, алыстағы бауырларға сіздердің бір ауыз жылы сөздеріңіз керек. Яғни шекарадан шет жүрген қандастарымызға игі тілектеріңізді арнап, хат жазсаңыздар. Сол арқылы олардың Атажаұртқа оралуына түрткі болсаңыздар. Біз Сіздердің хаттарыңызды «Қамшы» порталына және шетелдегі барлық қазақ сайттарына жариялаймыз. Бұл Алаш азаматтарының азаматтық парызы деп білеміз және тарих алдындағы міндетіміз."
Дәл осылай деп әлеуметтік желіде отыратын ел ағаларына қолқа салғанбыз. Қазірге тәуелсіз саясаткер, ақын Әміржан Қосанов мырза ғана үн қатты. Жат жұрттағы ағайынға хат Қиналдың, қазақ, қаншама, Шашырап жүрген тұмшалы ел! Жат жұртта жүрген баршаңа Атажұрт жақтан бір сәлем! Жинамақ болып баршаны Алашым сені шақырды! Атырау сені аңсады, Алатау сен деп аһ ұрды! Жетер деп хабар жағымды Мен жақын етем қашықты – Сары Арқа сені сағынды, Алтайым сен деп асықты. Үміттің отын өшірді! Биліктің беті қап-қалың – Тоқтатып Ұлы көшімді Қарабет болып жатқанын! Қазағым үшін күрескен Мен бірі едім мың ұлдың. Көшіне елдің ілескен Мен де бір торы құлынмын! Байлыққа батқан көл-көсір Биліктей бүгін мешкей кім? Кешірсең оны, сен кешір, Мен бірақ оны кешпеймін! Тарихта бөлек қалды ізім, Кеңдігін көрдім, тарлығын! Әр қазақ менің - жалғызым, Бар қазақ менің – барлығым! Арайлап атар таң қызыл, Садақа – жаным, Ар – пірім! Әр қазақ менің - жалғызым, Бар қазақ менің – барлығым! Табысар біздер таяу күн, Оңымнан туар Ай, Күнім. Әр қазақ менің - аяулым, Бар қазақ менің - байлығым!Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір